Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 35 Қаулысы
(2013.14.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 Қаулысымен күші жойылды
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-4-бабына сәйкес және асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 35 қаулысымен
бекітілген
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2013.14.09. № 957 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)